Орталық Азиядағы ENAI-мен ынтымақтастық
2020 жылдың 16 қаңтарында Чехия, Брно, Мендель университетінің докторы Томас Фолтинектің және Ковентри университетінің докторы Ирен Глендинингтің презентациясымен вебинар өтті. Бұл презентация Қазақстандағы, Әзірбайжандағы, Грузиядағы, Түркиядағы және Армениядағы Академиялық адалдық жағдайына (PAICKT атты жоба) арналған. Жобаны Еуропалық Кеңес қолдайды. Доктор Томас Фолтинек - ENAI (Еуропалық Академиялық Адалдық Желісі) Президенті. Есепте Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Армения университеттеріндегі академиялық плагиатпен жағдай, плагиат үшін жауапкершілік, студенттік қоғамдастық пен профессорлық-оқытушылық құрам Академиялық адалдық тұжырымдамасын қалай түсінетіні, осы елдерде қандай іс-шаралар өткізіліп жатқандығы көрсетілген. Бұл есеп оқытушыларға, университет басшыларына, студенттерге, сондай-ақ журналистерге және Білім және ғылым министрлігі мен оқу орындарының өкілдеріне қызықты болады. Мұнда басу арқылы бейнені қараңыз.